Forbes тізіміндегі беделді қос кәсіпкер Ресей азаматтығынан бас тартты

Қаракөз Амантай 01 мар. 2024 14:02 2626

Америкалық Veeam Software және Object First IT-компанияларының негізін қалаушы Андрей Баронов пен Ратмир Тимашев Ресей азаматтығынан бас тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Андрей Баронов бұл шешімге Ресейдің Украинаға басқыншылық саясаты түрткі болғанын жеткізіп,ұрысты сынға алды. Кәсіпкерлер ресейлік төлқұжатқа сәйкес соңғы екі жылда Forbes тізімінде қазіргі және бұрынғы қатысушылардың арасынан сегізінші және тоғызыншы орынға жайғасқан болатын. 

Олар 2017-2021 жылдар аралығында бес жыл бойы "Ресейдегі ең бай 200 кәсіпкер" рейтингінде төбе көрсеткен. Андрей Баронов пен Ратмир Тимашевтың Ресей Федерациясының азаматтығынан бас тартқаны туралы мәлімдемесін кәсіпкерлердің досы хабарлаған. Оның айтуынша, Тимашев пен Баронов Ресейдің Кипр Республикасының елшілігіне өткен және қазіргі таңда кәсіпкерлер тек Кипр азаматтығында қалған. Екеуі де ұзақ уақыт бойы шетелде тұрады екен. Баронов Швейцарияда, ал Тимашев АҚШ-та.

Андрей Баронов Ресей азаматтығынан бас тартуға өтініш қалдырғанын LinkedIn әлеуметтік желісіндегі (Ресейде бұғатталған) парақшасында жариялаған болатын. Сайт профилінде автор өзі туралы біраз ақпарат берген. Мұнда ол MIPT түлегі екенін және қазіргі таңда Швейцарияда өмір сүріп жатқанын хабарлайды.Өзінің соңғы жарияланымында Баронов АҚШ пен Батыс Еуропада бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу бойынша екі компания құрғанын атап өткен. Сонымен қатар кәсіпкер "Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылық шабылуына қатты алаңдайтынын" жеткізген.

"Мен жеке адаммын және саясат туралы ешқашан ашық пікір білдірмегенмін. Алайда Ресейдің Украинаға жасаған арнайы шабуылына қатты таңқалдым", - деп жазды Андрей Баронов.

Осы тұста Баронов Украина босқындарына көмектескен "беделді гуманитарлық ұйымдарға" миллиондаған доллар бергенін де жасырмады.

Андрей Баронов 2023 жылдың сәуірінде Ресей азаматтығынан шығуға талпынған. Бұл мәселе сол жылдың желтоқсанында шешімін тапқан. Ал Ратмир Тимашев 2024 жылдың қаңтарында Ресей азаматтығынан бас тартқан.

Бұған дейін мұндай шешімді миллиардер Тимур Турлов (Freedom Holding), Юрий Мильнер (DST Global), Николай Сторонский (Револют), Игорь Макаров (Арети), Coalco негізін қалаушы Василий Анисимов, Тройка диалогының негізін қалаушы Рубен Варданян және бұрынғы миллиардер Tinkoff Bank негізін қалаушы Олег Тинков қабылдаған болатын.

Еске салайық, 2020 жылы Forbes Андрей Бароновтың байлығын 770 миллион долларға, Ратмир Тимашевтің байлығын 680 миллион долларға бағалады. 

Тимашев пен Баронов 2006 жылы Veeam компаниясын құрып, оған 10 миллион долларға жуық инвестиция салған.

Insight Partners-пен транзакциядан кейін Тимашев пен Баронов Veeam-ге кеңес беруді жалғастыруда. 2023 жылдың ақпанында серіктестер Құрама Штаттарда Object First компаниясын құрды. Бұл Veeam клиенттері үшін төлем бағдарламасымен қорғалған сақтық көшірме сақтау өнімін әзірлейді.


Рекомендовать
Последние новости