Астана әкімі дауға қалған G-park құрылысына қатысты мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 27 февр. 2024 10:19 1901

Астана әкімдігі G-park компаниясының жұмысын өз бақылауына алды. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазіргі таңда қалада жер толық рәсімделмесе де, компания салып жатқан 12-13 нысан бар. Біз G-park-ке көмек көрсетудеміз. Үлескерлерді үймен қамтамасыз ету үшін компания жұмысын барынша тездетуге тырысып жатырмыз. Бұл іске бас сұқпауымызға болар еді. Себебі жердің көбі заңсыз алынған. Тіпті кейбіреуінің иелері басқа", - деді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, әкімдік G-park жұмысын өз назарына алмаса, үй салу мерзімі тағы бес жылға ұзаратын көрінеді. Осы тұста әкім саяжай иелерімен жер мәселесі бойынша келіссөз жүргізіліп жатқанын да алға тартты. Сонымен қатар тұрғын үй нысандарының басым бөлігі осы жазда аяқталады деп сендірді.

"Биыл барлық нысанның 80 пайызы аяқталады деп үмтітенеміз. Олар 12 тұрғын үйді бітірмей, жаңа құрылыс салуға рұқсат алмайды. Әрбір үйдің құрылысы ерекше бақылауда", - деп сөзін түйіндеді әкім.

Еске салайық, 2023 жылдың 4 сәуірінде сот G-park салған Dublin тұрғын үй кешенін күрелтетіні туралы шешім шығарған болатын. Өйткені үй құрылысы заңсыз жүргізілген. Тұрғын үй кешені орныққан жерге жылу трассасы салынбақ болған. Сонымен қатар сот Вашингтон тұрғын үй кешенін күрелтуге де бұйрық берген еді. Алайда кейінірек әкімдік аталмыш тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатып алушылар баспанасын алады деп мәлімдеме жасаған болатын. 


Рекомендовать
Последние новости