<span;>Таяуда Абай атындағы ҚазҰПУ-да университет басшылығының педагогтар мен әлемдік білім беру саласының көшбасшыларын даярлайтын ең үздік американдық жоғары оқу орындарының бірі – Мичиган мемлекеттік университетінің (АҚШ) делегациясымен кездесуі өтті.
<span;>Шетелдік делегация құрамында білім беру саласындағы халықаралық зерттеулер бөлімі директорының орынбасары Джули Синклер, білім беру саласындағы жаһандық өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесші Шакил Малик, халықаралық кәсіби бағдарламалар бөлімінің директоры Синьюй Ву, халықаралық зерттеулер басқармасының ғылыми қызметкері Әлия Бижанова және Global Nomad Education бас директоры Алмагүл Қанағатова болды.
<span;>Кездесуге Қазақстан тарапынан академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, Халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Педагогика және психология институтының өкілдері қатысты.
<span;>Кездесу барысында қазіргі білім берудегі трендтер мен сын-қатерлер жағдайында педагог кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері талқыланды.
<span;>Екі университет басшылары педагог кадрларды даярлау сапасын жақсартуға, оқыту мен зерттеудің жаңа әдістемелерін енгізуге бағытталған өз жобаларын ұсынды, білім беру бағдарламаларының, біліктілікті арттырудың (инклюзивті білім беру, Action research, ерте даму, көшбасшылық) және бейресми оқытудың негізгі аспектілерін қарастырды.
<span;>Айгүл Искакова Мичиган университетімен стратегиялық ынтымақтастықтың, әсіресе студенттердің академиялық ұтқырлығын, докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын, профессор-оқытушылар құрамымен алмасуды және ғылыми ынтымақтастықты қамтитын интернационалдандыру бағытындағы маңыздылығын атап өтті.
<span;>Бұл маңызды қадамдар Қазақстанның жетекші педагогикалық университетінің халықаралық байланыстарды дамытуға және университеттің әлемдік білім кеңістігіндегі позициясын нығайтуға деген ұмтылысын одан әрі күшейтеді.
<span;>Кездесу соңында тараптар стратегиялық әріптестікті тиімді ілгерілету бойынша бірлескен Жол картасын әзірлеуге келісті.</span;></span;></span;></span;></span;></span;></span;></span;>
- DALA INSIDE-қа өту
- USD 526.7
- EUR 551
- RUB 5.13