"Дайындалыңыз, айттық қой бағанадан бері!" Аймағамбетов вице-министрге жекіп тастады

Сағыныш Сардарова 08 февр. 2024 17:05 6857

Комитеттің кеңейтілген отырысында Мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевқа қатқыл ескерту жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аймағамбетов Төлебаев бес минутты босқа алғанын айтып сынаған.

"Бірдеңе түсіндіңіздер ме, әріптестер?! 32 деді, 72 деді, ол қайсы ішіндегі? Қандай жүйелі мәселе? Міне, бес минут сөйледіңіз. Регламентке сай сөйлегеніңізге рақмет. Бірақ бір проблеманы да ашып көрсете алмадыңыз, ол проблеманың шешімін де көрсете алмадыңыз. Жалпылама сөз. Бір мәселені, шыны керек, түсінген жоқпыз. Заң жобасының ішінде тікелей сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша соншалықты нормаларды көріп отырған жоқпыз. Барлық мәселені заң жобасын шешетіндей қылып көрсетіп отырсыз. Бірақ оның ішінде басқа мәселелер қамтылып отыр. Сондықтан дайындалыңыз. Қазір біздің депутаттар сұрақ қояды. Уақыт бердік қой. Нақты-нақты бір проблемаларды көрсетпейсіздер ме? Айттық қой бағанадан бері", - деді Аймағамбетов.


Рекомендовать
Последние новости