Бүгін кешке ЖЭО жөндеумен, мамандандырылған жабдықтарды орнатумен және жалпы жылу энергетикасымен айналысатын компаниялардың басшылары облыс әкіміне жылу көзінің жай-күйін жедел талдау нәтижелерін ұсынады. Осыдан кейін әрі қарайғы әрекеттердің алгоритмі жасалады.
Өңір басшысы атап өткендей, Риддердегі ЖЭО жөндеуге кешенді тәсіл қолданылады - бұл дегеніміз барлық алты қазандық агрегаттар мен жылу орталықтары күрделі жөндеуден өтпек. Ауқымды жұмыстарға қаржы қарастырылған, жабдықтың бір бөлігі сатып алынған.
- Риддердегі ЖЭО кредиторлық берешегі үш миллиард теңгеден асады, - деді Даниал Ахметов. - Тиісті талап арыздар берілді және Ел Президентінің тапсырмасын орындау шеңберінде, бәлкім, қарыздарға байланысты ЖЭО коммуналдық меншікке беріледі.
Өңір басшысы жылу орталығындағы барлық жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталатынын атап өтті.