Елімізде «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекесі пайда болды

Dalanews 01 июн. 2023 15:23 1803

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзің Фейсбуктағы парақшасында Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі жаңа мерекелермен толыққанын хабарлады.

Халықаралық бекітілген күндерге сәйкес «Аналар күні» мерекесі мамыр айының екінші жексенбісінде, «Әкелер күні» мерекесі маусымның үшінші жексенбісінде ауқымды түрде атап өтіледі.

Халқымыздың «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатса керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Берекелі әрі бақытты отбасы қуатты елдің тірегі», – дегені белгілі.

Отбасын нығайтатын факторлардың бірі – әулет мүшелерінің бірге уақыт өткізуі, ортақ қуанышты бірге атап өтуі екені анық. Министрлікке қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтының «Қазақстандық отбасылар» ұлттық баяндамасында көрсетілгендей, еліміздегі отбасылық дәстүрлердің діңгегі – әулет мүшелерінің туған күнін атап өту екен. Бұл сауалнамаға қатысқан 86%-дан астам респонденттің ой-пікірі. Сондай-ақ отбасылардың жартысынан көбі жаңа жыл, 8 наурыз, 22 наурыз және тағы басқа мемлекеттік мерекелерді атаған.
<span;>Сол себепті бекітілген әзіз әкелер мен ардақты аналарға арналған бұл атаулы мерекелер ұлттық болмысымызға сай жаңа мазмұнда тойланып, жалпыхалықтық сипат алады деген ойдамыз.

Аталған мерекелер отбасы институтын нығайтуға, аналарымыз бен әкелеріміздің мәртебесін көтеруге, отбасылық құндылықтарды дамытуға, әулеттегі жақындықтың, құрмет-ықыластың берік орнауына және отбасындағы береке-бірліктің артуына ықпал етеді деп сенеміз.

Әкелер күні демекші, осыдан 40 жыл бұрын ардақты әкеміз мәңгілік сапарға аттанған еді. Өмірден ерте озған әкеміздің жарқын бейнесі, ол туралы жылы естеліктер әлі күн жадымызда. Сондықтан әкеге, анаға құрмет, көз тірісінде қадіріне жету әрдайым көңіл төрінде тұруға тиіс деп білеміз.

Бүгінгі Балалар құқығын қорғау күнінде пайда болған мәні зор мерекелер құтты болсын! Әкелеріміз бен аналарымыз аман болсын!

Рекомендовать
Последние новости