Даниал Ахметов: "Бізге жұмысшы жастар қажет"

Dalanews 28 авг. 2019 13:27 872

Шығыс Қазақстан өткен облыстық тамыз конференциясы барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылатын мамандықтарға сұраныс жоқ екенін айта келе, өңір экономикасын дамыту жолында осы саланың қызметкерлері қажет болатынын атап өтті.

Мәселен биыл электр жабдықтарын жөндейтін электр-слесарь, машинист, тракторист, техник-технолог сынды жұмысшы мамандықтарға оқитын студенттердің аз болыпты.


Сондай-ақ мұндай жағдай жоғары оқу орындарында да орын алған. Мысалы математика, физика пәндерінің мұғалімдері мен ветеринар, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы саласы бойынша оқуға бірде-бір түлек ниет білдірмепті.

Сол себептен жаңа оқу жылынан бастап қала мен аудан әкімдері, білім басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы өңірдегі ЖОО-мен бірлесіп, кәсіби бағдарлау жұмыстарын қолға алуды жоспарлап отыр.

Осылайша, мемлекеттік тапсырыс негізінде оқытылатын сұранысқа ие мамандықтарға деген оқушылардың қызығушылығын оятпақ.

Рекомендовать
Последние новости