Әкім: «Айлығым баяғыдай...»

Dalanews 29 авг. 2019 02:16 848

Нұр-Сұлтан қаласының жаңа әкімі Алтай Көлгінов «Хабар 24» аранасының «Интервью» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасы мен айлығына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

Елорданың әкімі Нұр-Сұлтанға отбасымен көшіп келген екен. «Мен бұған дейін 11 жыл бойы осы қалада тұрып, жұмыс істедім. Сондықтан Нұр-Сұлтан мен үшін бейтаныс қала емес» депті әкім.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов бас қалаға әкім болғалы бері жалақысы да өзгермегенін алға тартты. Ол бұған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі болып қызмет атқарып жүргенде де 760 мың теңге мөлшерінде айлық алып жүргенін алға тартты.

– Айлық баяғыдай. Сіздер білуге тиіссіздер адамның жұмыс өтілімен бірге айлық жалақысы да өседі. Жалпы алғанда астанадағы жұмыстың жүктемесі жоғары екенін байқадым, – деді бас қаланың әкімі.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов әлеуметтік желіге тіркелгенін, мүмкіндігінше әлеуметтік желіде өзіне хат жазған жұртпен байланыс орнатуға тырысатынын айтыпты. Бірақ көптеген сұрақтарға жауап беріп үлгермейтінін жасырмаған.

Рекомендовать
Последние новости