Даниал Ахметов: "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде 75 жоба іске асырылды 

Dalanews 23 дек. 2021 17:15 844

Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 75 жоба іске асырылды. 

Осынау бағдарламаның орындалуы барысын нақтылау үшін қала және аудан әкімдерінің басын қосып, жиын өткізген аймақ басшысы Даниал Ахметов жоба аясында атқарылған жұмысқа шолу жасады.

Ахметовтың атап өткеніндей "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасына өңірдегі 116 тірек ауылы кіреді. Бүгінгі таңда 44 елді мекенде бағдарлама пәрменімен жүзеге асқан 75 жоба аяқталған. Тағы алтауы жыл соңына дейін және 12-сі 2022 жылы жүзеге асырылмақ.

"Мұның ішінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, бассейндер, мәдениет үйлері құрылысы, мектептерді жөндеу жобалары бар. Өкінішке қарай, кей аудандарда жұмыстардың атқарылу мерзімі ұзаққа созылып кеткен», - деді аймақ басшысы.

Аудан-ауыл әкімдері мұның себебін құрылыс материалдарының қымбаттауы және конкурстардың кеш өткізілуі сынды мәселелермен түсіндірді.

Даниал Ахметов өз кезегінде жобалардың іске асырылуы бірінші кезекте әкімдердің жауапкершілігінде екендігін ескертті.

"Осы ретте, туындаған мәселелердің барлығын қарастыратын, сапалы талдау жүргізетін комиссия құруды тапсырдым. Көптеген ауылда біз дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салып жатырмыз. Бірақ мұны демографиялық жағдайды, балалар санын ескере отырып істеу керек. Бүгінде өңірде балалар бұқаралық спортын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. 7000 тегін секция жұмыс істейді. Ауылдық жерлерде жаттықтырушылар саны артып келеді», - деді аймақ басшысы.

 

Рекомендовать
Последние новости