Counter-Strike 2, Dota 2, GTA ойындары шариғатқа қайшы — ҚМДБ

Қаракөз Амантай 24 июн. 2025 17:08

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) шариғатқа сай келмейтін бірқатар танымал ойындарды атады, деп хабарлайды Dalanews.kz Kursiv media-ға сілтеме жасап.

ҚМДБ-ның хабарлауынша, зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, соғыс, дінді мазақ ету және дінсіздік элементтері бар ойындар шариғатқа мүлде қайшы. Бұл қатарға Counter-Strike 2, Dota 2, GTA, League of Legends, Minecraft және Genshin Impact секілді жобалар кіреді. Оған негіз ретінде Мәида сүресінен үзінді келтірілген.

“Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар”, – деп жазылған Мәида сүресінің 90-аятында.

Аталған ойындарда көрініс табатын қатыгездік пен адамгершілікке жат әрекеттер ислам құндылықтарына қарама-қайшы болғандықтан, шариғат бойынша оларды ойнауға тыйым салынған.

“Оның орнына логикалық, танымдық және білім беретін мазмұндағы ойындарға рұқсат етілген. Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі болсын): “Жүректерге анда-санда тынығу беріңдер” деген хадисі еске сала отырып, ойын арқылы демалуға рұқсат етілетіні, бірақ оның шектен шықпауы керектігін айтамыз”, – деп жазылған жауапта.

Электронды ойындар келесі шарттарға сай болса, тұтастай тыйым салынбайды:

  • Діни міндеттерді орындауға кедергі келтірмеуі тиіс;
  • Құмар ойын элементтері болмауы керек;
  • Жеке тұлға мен психикаға зиян келтірмеуі тиіс;
  • Дөрекі сөздер, балағат пен әдепсіздік болмауы тиіс;
  • Ақыл-ойды дамытып, тым көп уақыт алмауы тиіс.

Рекомендовать
Последние новости