Cән революциясы

Dalanews 22 мая 2018 05:06 817

Алматыда Халықаралық «Жас Өркен – 2018» жас дизайнерлер мен сәнгерлер байқауының жеңімпаздары анықталды. Үш финалист көлемді қаржылай сыйлықтарға ие болып, қазақстандық сән әлеміне жол ашты және атақты дизайнерлермен келісімшарттар жасады.

Алматы технологиялық университетінде жас дизайнерлер мен сәнгерлердің «Жас Өркен – 2018» халықаралық байқауы болып өтті. Бұл 2002 жылдан бері өздерін киім дизайны саласында танытып жүрген жас дизайнерлердің ұйымдастырылып отырған алтыншы байқауы.

–  «Жас Өркен – 2018» байқауын ұйымдастырушылар: «Байқаудың негізгі мақсаты – студент жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, дизайнерлер үшін кәсіби ортаны қалыптастыру, әлемдік сән индустриясының халықаралық ынтымақтастық аймағын құру, –  дейді.

Басқа тағылған мүйіз, еркектердің тор шалбарлары, ұлттық нақышта тігілген камуфляжды көйлектер сияқты эстетикалық және авторлардың ұшқын қиялдарынан туған тарихи және заманауи үлгілерді топтастырған коллекциялар Қазақстанның майталман сәнгерлері – Ботагөз Алдоңғарова, БиБота, Жұлдызай Жұматаева және Екатерина Антонованың әділ бағаларына ұсынылды.

Байқаудың қорытындысы бойынша, fashion индустриясының шеберлері ең жарқын, креативті 3 дизайнердің есімдерімен қоса «Creative art», «Pret-a-Porte», «Дебют», «Этно-фьюжн» номинация иегерлерін атады. Сонымен, 3-орынды Ресейден келген қатысушы Любовь Закирова «Анастасия» коллекциясымен иеленді. 2-орын «Omirkul» коллекциясын таныстырған Алматы сән және дизайн колледжінің студенттері Ақбөпе Тілеухан мен Мария Голубинскаяға  бұйырды. Ал байқау жеңімпазы өзінің «ДНК»  коллекциясымен таң қалдырған АТУ студенті Нұрдәулет Бекетаев атанды.

Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінен келген Камилла Волох, Дамир Байчапанов және Индира Әбдрешева «Same&different» атты коллекцияларымен ерекшеленіп, «Pret-a-Porte» номинациясының иегерлері болды. Олар мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған киім коллекциясын ұсынды.

– Біз мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ыңғайлы киініп және өздерін стильді сезінгендерін қаладық. Олар басқа адамдармен тең болуы керек. Осы мақсатта киім дизайнын жасаудағы барлық конструктивті элементтерді қамтамасыз етуге тырыстық , – дейді авторлар.

 

Ақтоты ТҰРСЫНӘЛІ, АТУ Медиа-орталығының қызметкері

 

https://dalanews.kz/8459

Рекомендовать
Последние новости