Бишімбаевтың сотында өткір сұрақтар қоятын прокурордың атынан жалған парақша ашылған

Көркем Алдабергенова 05 апр. 2024 13:02 2989

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында өткір сұрақтар қоятын прокурор Айжан Аймағанованың атынан жалған парақша ашылып кеткен, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы бас прокуратура ескертті. 

Бүгінде жалған парақшаға 15 мыңдай адам жазылып үлгерген. 

Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.

Сондай-ақ, парақшада келесі жазба жарияланған «Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!».

"Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада. 

Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.


Рекомендовать
Последние новости