Биыл Қарағандыда тағы 1 100 тұрғын орталық су және кәріз жүйесіне қосылады

Жарбол Кентұлы 29 мая 2024 16:39 2421

Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Барлық қалалар мен аудандарда ауқымды жұмыстар атқарылды және бұл қарқын бәсеңдемейді. Барлық жерде жолдар, қоғамдық орындар мен аулалар ретке келтірілуде. Сондай-ақ, тұрғындарға коммуналдық игіліктерге қол жеткізу қамтамасыз етілуде.


Облыс орталығының Сахалин кентінде су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы жүріп жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін 1 100-ден астам тұрғын орталық су және кәріз жүйесіне қосылады.


Жұмысшылар мамыр айының ортасында Сахалинде желілер құрылысын бастап кетті. Жоспар бойынша шамамен 9 км су құбырлары және шамамен 4,5 км кәріз құбырлары салынады.


- Сахалин кентінде су құбыры және кәріз желілерін салу жобасы халықтың таза ауыз суға қол жеткізуі жөніндегі өңірлік бағдарламаларды орындау шеңберінде іске асырылуда. Қазір мердігер белсенді жұмыс істеп жатыр. Шамамен 1,5 км сумен жабдықтау құбырлары және 300 метр кәріз жабдықталған. Жұмыстар бір мезгілде екі бағытта жүргізілуде. Жобаны биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Содан кейін міндетті түрде асфальттау жұмыстарын жүргіземіз, - деді қалалық ТКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жанболат Тоқмұрзин.
Мердігердің айтуынша, материалдар мен жұмыс күшіне қатысты проблема жоқ.
Саран зауытынан жергілікті өндірушілердің құбырлары мен темірбетон сақиналары қолданылады.
Жаңа желілерге төрт көшенің тұрғындары қосыла алады: Тельман, Коммунистік, Линейная және Литвин. Бұл шамамен 400 үй. Құрылыс келешекті ескере отырып жүргізіліп жатыр, болашақта қосымша абоненттерді қосуға мүмкіндік болады.
Бүгінде Қарағанды облысында тұрғындардың 99,2% - ы орталық су жүйесіне қосылған. Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін билік басындағылар 2025 жылдың соңына дейін толығымен жабуды көздеп отыр.


Рекомендовать
Последние новости