Қазақстандық әзілкеш қамауға алынды

Көркем Алдабергенова 24 мая 2024 09:28 8442

Қазақстандық стендап-комик қамауға алынды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Жоғарғы соттың мәліметінше, стендап-комикке ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылған (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

Айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Рекомендовать
Последние новости