Биыл алты айда Семейде баспанаға мұқтаж 77 пәтер берілмекші

Жарбол Кентұлы 17 февр. 2024 17:01 4048

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынүймен қамтамасыз ету» мәселесі туралы «Семей қалалық тұрғын үй қатынастары  және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Диана Шаяхметова баяндады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Семей қаласы бойынша баспанаға мұқтаж азаматтардың кезегінде 14 122 адам тұр. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар кіреді. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына, мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлеріне, жалғыз тұрғын үйі белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына баспана қарастылырған, – деді спикер.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй есебінен мұқтаж азаматтар ретінде есепте тұрғандарға баспана кезек тәртiбiмен берiледi.

– 2023-2029 жылға арналған жоспары бойынша тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту аясында кезекте тұрған азаматтарға «2-10-20» және «5-10-20» сынды мемлекеттік бағдарламалар «Отбасы Банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылуда, – деді Диана Шаяхметова.

Қорытындылай келе, 2022 жылы кезекте тұрған азаматтарға Қарағайлы шағын ауданынан 128 пәтер берілсе, 2023 жылы кезекте тұрған азаматтарға 211 пәтер берілген. Сондай-ақ, Ұшақтар және Комсомол кентінен көп балалы отбасыларға арналған 108 пәтер, Қарағайлы шағын ауданынан барлық санаттағы азаматтарға арналған 103 пәтердің кілті табысталған. Ал, 2024 жылдың 1 жартыжылдығының жоспары бойынша, шағын ауданда 77 пәтер беру көзделіп отыр.


Рекомендовать
Последние новости