Бишімбаевтың әкесі ұлын ақтауға жақтас іздеп жатыр деген сыбыс тарады

Сағыныш Сардарова 13 февр. 2024 12:12 4877

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікті Қуандық Бишімбаевты туыстары ақтап алуға тырысады деген ақпарат желдей есті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл мәселеге бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева да пікір білдірді. Оның айтуынша, сот басталар алдында немесе сот барысында сотталушыны ақтау мақсатында деректерді әдейі бұрмалауға тырысып бағу әрекеттері жасалуы мүмкін.

Чиновник Telegram-арнасы мәліметінше, бұл қауіп негізсіз емес.

"Бишімбаевтың жақындары Сол жағалаудағы кабинеттерден жақтас іздеп жатыр. Бұл іспен оның әкесі, қоғам және ғылым қайраткері Уәлихан Бишімбаев айналысып жатыр", - деп жазылған арна мәліметінде.

Ал бұған дейін журналист Сырым Итқұлов әлеуметтік желіде бұрынғы министр Ермұхамет Ертісбаевты Қуандық Бишімбаевты қолдауға қатысы барлардың бірі ретінде көрсетті.

"Қуандықтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың ұлын қорғаштап, қоғамдағы пікірге әсер етуге тырысқан видеосы естеріңізде ме? Ол журналистер мен блогерлердің үсітнен өзін, ұлын, олардың отбасын көпшілік алдында қорлағаны үшін арыз жазды.

Ал бұқараға үн қату үшін оған Назарбаевтың бұлбұлы - Ермұхамет Ертісбаевтан басқа ешкім мүмкіндік берген жоқ", - деген еді ол.

 

 


Рекомендовать
Последние новости