Бұрынғы судья Қарлығаш Таткеева аса ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілікті

Ақтоты Жапатова 30 июн. 2025 17:40

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынғы судьясы Қарлығаш Таткеева аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуге жарияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Ведомствоның мәліметінше, экс-судьяға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша іс қозғалған. Қарлығаш Таткеева бірнеше адамның сеніміне кіріп, ірі көлемде қаржы иемденген болуы мүмкін деген болжам бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Таткееваның нақты қайда екенін білетін азаматтарға үндеу жасап, кез келген ақпарат үшін анонимдікке және сыйақы төлеуге кепіл беріп отыр.

Айта кетейік, Қарлығаш Таткеева Жоғарғы сотты қазіргі сенатор Жақып Асанов басқарған кезеңде Жоғарғы Сот төрағасының азаматтық істер жөніндегі кеңесшісі болған. Таткеева өзінің сот органдарындағы жылдарында  Қарағанды ​​облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, сондай-ақ Астана сотының судьясы болып қызмет атқарған.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары күдіктінің жүрген жерін анықтау және оны жауапкершілікке тарту бағытында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости