Бөрлі ауданындағы берекелі істер

Dalanews 26 сент. 2017 13:22 952

БҚО Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен кезекті брфингте «Бөрлі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен» Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов таныстырды.

Аудан әкімінің мәліметі бойынша мемлекет бюджетіне ағымдағы жылдың 8 айында 78,6  млрд. теңге жиналды. Жалпы бюджетке түскен салық түсімі 2016 жылы 119,8 пайыз болса, 2017 жылдың 8 айындағы меншікті салықтар түсімі 132,5 пайызға өскен.

Өзге аудандардан өндірісі өрге, әлеуеті төрге озған Бөрлі ауданының қай саласына да даму тән. Мәселен, ағымды кезеңде  негізгі капиталға инвестиция көлемі 92,9 млрд. теңгені құрап, бұл өткен жылмен салыстырғанда 69,1 пайызды құрап отыр. Аудандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1044,6 млрд. теңгеге өсіп, өндірілген өнім көлемі 2016 жылдың  жартыжылдығына қарағанда 267,8 млрд. теңгеге  артты.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының жалпы өндіріс көлемі 8 айға 866,6 млн теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 9,9 пайызға өсті.  Соңғы үш жылда дәнді-дақылдардың егіс алқаптары қысқарып, майлы және мал азығы дақылдарының егіс алқаптары артып келеді.

Ағымдағы жылы14749 га жерге дәнді дақылдар егіліп, оның 9394 гектарынан 17792 тонна астық жиналды. Сондай ақ, 7974 га жерге майлы дақылдар, 352 га жерге картоп, 178 га жерге көкөніс және 34 га жерге бақша дақылдары егілді. Қазіргі таңда бақша дақылдарын жинау жұмыстары толықтай аяқталып, олардан 612 тонна өнім жиналды.

Қазіргі таңда ауданда шөп шабу науқаны аяқтала келді, бүгінгі күні бұл бағыттағы жұмыстар 100 пайызға орындалды.

Мал шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімдердің көлемі мен сапасының артуы байқалады. Таза ет салмағының өнімі 2,4 мың тоннаны құрап, ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға артық. Сондай-ақ, сүт 10,2 мың тонна, жұмыртқа 4,9 млн. дана болып былтырғы көрсеткішпен тұр.

Ауданда биыл ұсақ мүйізді мал басының 11 пайызға және шошқа басының 2,5 есе төмендесе, ірі қара мен жылқы басы көбейіп, ірі қара асыл тұқымды мал басының үлесі 6 пайызды құрады.

Ауданда бүгінгі таңда 10 ауылшаруашылық тұтынушылар кооперативі болса, оның 1-уі отбасылық бордақылау (Ақсай қаласында «Бөрлі-Ет» кооперативі), 1-уі сүт өңдеу бойынша («Бөрлі-Агро» кооперативі – Бөрлі ауылында), 8-і асыл тұқымды ірі қара малды қайта түрлендіру бойынша жұмыстануда.

Ауданда кәсіпкерлік саласында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік саны 139 бірлікке артқан. Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін  шағын цехтарының  өндірген өнімі  мен көрсеткен қызметінің жалпы сомасы 407,9 млн. теңгені құрады.

Кәсіпкерлікті қолдау - аймақтағы басым міндеттердің бірі болып табылады. «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыруға, жабдықтар, арнайы техника сатып алуға, ғимараттар салуға және қайта қалпына келтіруге   жалпы сомасы 417,7 млн. теңге құрайтын 12 жоба жүзеге асырылып, 41 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, 2016 жылдың қыркүйек айында газқағарларды өндіру және құрастырумен айналысатын «ГузуАлматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ашылып, жоба бойынша жылына 200 мың бірлік газқағар шығару жоспарланған. Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Конденсат» акционерлық қоғамының Ақсай қаласында  К5 маркалы бензин өндіретін зауыты ашылып, зауыт ашылғалы 25 мың тонна бензин өндіріп, 74 жаңа жұмыс орны ашылды.

2017 жылдың сәуір айында «Конденсат» АҚ жаңа өндіріс нысаны - вакуумдық айдау секциясын, сонымен бірге вакуумдық айдау өнімдерін қабылдайтын,сақтайтын және жіберетін  нысандарды  пайдалануға берді. Жаңа технологиялық қондырғы дизель отынын өндеу үшін ашық фракцияның шығуын көбейте отырып, мұнай және мұнай өнімдерінің ауыр сұрыптарын өңдеуге,  сонымен бірге вакуумдық газойль мен гудронды шығаруға мүмкіндік береді.

2017 жылдың 8 айында екінші деңгейлі банктер (АТФ банкі) арқылы ауданның 13 кәсіпкеріне 24,3 млн.теңге несие берілсе, «Қарашығанақ» несие серіктестігі» арқылы 7 шаруа қожалығы мал шаруашылығы мен егістік шаруашылығын дамытуға, ауылшаруашылығы техникасын сатып алуға 47,6 млн теңге несие алды.

Жыл басынан бері 71 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 217 отбасына жәрдемақы төленсе, «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 53 отбасына қаржылай көмек көрсетілді. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 38 адамға Бурабай шипажайында санаторлы-курорттық ем алса, 23 адам кресло-арбамен, 8 адам ортопедиялық таяқшамен, 25 адам сурдо, тифло құралдармен қамтылды. Ауданда Березов, Бестау ауылдарының тұрғындарын баспанамен қамту

жұмыстары аяқтала келді. Қазіргі таңда Аралтал шағын ауданынан салынған 100 үйдің құрылысы толықтай аяқталып, тұрғындарды көшіру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні 92 отбасыға пәтер кілті табысталып, оның 62-cі қоныстанды. Қалғандары құжаттарын жинақтауда.  Алда екі 9 қабатты үйдің құрылысы аяқталса, қалған тұрғындарды да көшіру 15 қазанға дейін аяқталып қалар деп отырмыз.

Қала ішінде өндіріс орындарының көбеюіне байланысты өндіріс ошақтарын қала сыртына шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондықтан біз алдағы уақытта ауданның  бас жоспарына өзгерістер енгізіп, өндіріс орындарының орналасатын орны мен аумағын нақтылайтын боламыз,-деді А.Халелов.

 

Рекомендовать
Последние новости