iPhone жасау қылмыс емес

Dalanews 26 сент. 2017 13:12 782

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басшысы Бағдат Мусин Алматыда iPhone смартфондарын қолдан жасап сатқан жастарды соттамау керектігін айтып отыр. Мұндай пікірін комитет төрағасы өзінің Facebook-парақшасына жазған.



"Жігіттер iPhone-ды қолдан жасаған! Бұл керемет емес пе?! Менің ойымша, оларға заңды бизнеспен айналысуға мүмкіндік жасап беру керек. Оларға қандай да бір техника жасау үшін технопарктердің бірінен цех ашып беруіміз қажет. Бәлкім жеңілдетілген несие беру де қажет болар?! Қалай болғанда да Цифрлы Қазақстан бағдарламасын жарияладық қой. Егер олар iPhone смартфонын арзан бөлшектерден жасаған болса демек қолдарынан іс келеді деген сөз. Кәсіппен де айналыса алады", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, кеше Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті заңсыз жолмен iPhone смартфондарын қолдан жасап сатқан бірнеше адамды ұстағанын хабарлады. Ұстау операциясы кезінде күдіктілерден 30 смартфон тәркіленген. Олар дайын өнімдерін Алматы мен Қазақстанның өзге де қалаларына сатып келіпті.

 

Дереккөзі: sn.kz

Рекомендовать
Последние новости