"Бірде бір танк қалмады". Буряттар соғысқа қатысудан бас тартып жатыр

Dalanews 18 июл. 2022 05:26 764

Украиана жерінде соғысқа тартылған бір топ бурят сарбаздары мағынасыз соғысқа қатысқылары келмейтінін айтып, арыз түсіргеннен кейін бастары дауға қалған. Олар командирлері уақытша тергеу абақтысына қамап, үстерінен қылмыстық іс қозғауға әрекеттеніп жатқанын айтты. 

Бұл турасындағы ақпаратты буряттар Медиазон каналына өздері хабарлаған. №32364 әскери бөлімдегі 7 бурят соғысқа қатысқысы келмейтіндерін ашып айтып, арыз жазған.

– Біз бәріміз соғысқа қатыспайтынымызды айтып арыз жазғанымызбен командирлеріміз біздің талабымызға құлақ аспай, қоқан-лоқы жасауда. Уақытша тергеу изоляторына қамалған біздерді алдағы уақытта Луганск аймағына тұтқиылдан шабуылдайтын топқа қосып, еркімізден тыс соғысқа аттандыруға әрекеттенуде, – деп бурят сарбаздар журналистерге мұңын шағыпты.

Осылайша соғыстың алдыңғы шебінде жүрген бурят сарбаздар өздерінің наразылықтарын білдіріп жатыр.

Бұған дейін келсім-шарт негізінде әскери борышын өтеп жатқан бурят сарбаздың анасы баласы соғыс кезінде ауыр жараланып, миы шайқалса да үйіне қайтармағанын айтып шағымданған-ды.


Бұдан басқа аңыраған ана Буртиядан әскери борышын өтеп жүрген 77 сарбаз соғысқа қатыспайтындарын айтып, арыз жазғанын да жеткізген. Олар өз бөлімшелерінде майдан даласына мініп шығатын бірде бір танк қалмағаннан кейін осындай қадамға барғанын жақындарына айтыпты.

Осылайша бурят сарбаздар мағанасыз соғыстың құрбаны болудан жаппай бас тартуға көшкен.

Рекомендовать
Последние новости