«Путинге тойтарыс беруге өз үлесімізді қосамыз!». Норвегтер Bayraktar-ға ақша жинап жатыр

Dalanews 19 июл. 2022 04:55 1189

Норвегияның Spleis мемлекеттік қаржыландыру сайтында Украина қарулы күштеріне әскери соққы беретін Bayraktar алып беру үшін халық арасында ақша жинау басталды.

– Норвегтер Украина халықына бір Bayraktar сыйлап, басқыншы Путинге тойтарыс беруге өз үлесін қосуға дайын. Бұған дейін Литва халқы бір Bayraktar-дың ақшасын жинаса, поляктар үш Bayraktar-ға ақша жинағанын білеміз. Біз де бұл шараны ары қарай жалғауымыз керек, – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Bayraktar үшін Норвегияда қаржы жинау шарасына адвокат Бенгт Эрик Волдо бастамашы болғанын айта кетуіміз.

Шара барысында норвегтер 5,5 млн еуро жинауы тиіс. Қазірдің өзінде 22 мың еуро жиналған. Норвегтер бір Bayraktar сатып алуға жұмсалатын қаржыны үш айдың ішінде жинауды көздеп отыр. Олар осылайша украина халқына қолдау көрсетпек.  


Бұл шараға ұйытқы болған адвокат Бенгт Эрик Волдо әр норвег 10 кроннан жинаса Bayraktar сатып алуға болатынын айтты.

Рекомендовать
Последние новости