"Бір айы бойы ауырған". Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Dalanews 31 мар. 2020 06:05 721

Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан бір адам көз жұмды. Қазақстан бойынша жаңа вирус түрінен екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм-арнасы.

"31 наурызда Нұр-Сұлтанда бір кісі өлім тіркелді: 50 жастағы науқас жедел жәрдем тобымен 2020 жылдың 21 наурызында ауруханаға түсті.
Ол бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген.

Жұмысы жиі іссапарлармен байланысты. Марқұмның туыс-туғандары, жұмыстағы әріптестері барлығы 31 адам ауруханаға жатқызылды. Кейін отбасы мүшелерінің арасында 2 адамнан коронавирус анықталды. Марқұммен байланыста болуы мүмкін деген күдікпен тағы 51 адам карантинге алынды" деп хабарлайды coronavirus2020.kz телеграм-арнасы.

31 наурыз күні сағат 09.40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 325-ке жетті.

Коронавирус жұқтырудың тағы 17 жағдайы тіркелді: Нұр - Сұлтан -2, Алматыда - 9, Қызылорда облысында - 3, Атырау облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 жағдай.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирустың 325 жағдайы расталды, оның ішінде:

Нұр Сұлтан - 175,

Алматы - 82,

Қарағанды ​​облысы - 13,

Атырау облысы - 13,

Ақмола облысы - 10,

Жамбыл облысы - 3,

Шымкент - 2,

Шығыс Қазақстан облысы - 2,

Алматы облысы - 8,

Ақтөбе облысы - 3,

Солтүстік Қазақстан облысы - 2,

Павлодар облысы - 1,

Маңғыстау облысы - 1,

Қызылорда облысы - 8,

Батыс Қазақстан облысы - 2 жағдай.

Елімізде 31 наурызда сағат 0:10 уақытында 308 коронавирус инфекциясы тіркелген еді. Оның ішінде 21 адам сауығып, біреуі қайтыс болды.

Рекомендовать
Последние новости