Бейжің Қазақстан аумақтық тұтастығына қол сұғылмауына мүдделі – сарапшы

Dalanews 28 сент. 2022 10:35 953

Қытай Қазақстанның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын сақтауға кепіл болады. Астанаға ат басын бұрған Бейжің басшысы халықаралық жағдайдың қалай құбыларына қарамай Қытайдың осы ұстанымнан бас тартпайтынын айтып отыр деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Президент Тоқаевпен емен-жарқын әңгіме-дүкен құрған Си Цзиньпин Қытайдың «Қазақстан үшін сенімді серіктес әрі айнымас бос болып қаларын» атап өтті.

«Халықаралық ахуал соңғы кездері мың құбылып тұр. Соған қарамай Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және территориялық тұтастығын батыл, шешімді түрде қорғауға кепілдік береміз.

Сіздің елдегі тұрақтылық мен дамуды қамтамасыз ету бағытындағы саяси реформаларыңыз cәтті жүзеге асып, өз нәтижесін береріне күмәніміз жоқ. Біз Қазақстанның ішкі ісіне араласқысы келетін үшінші тараптардың әрекетіне үзілді-кесілді қарсымыз және бұған табанды түрде тосқауыл қоямыз», – дейді Си мырза.

Dalanews.kz тілшісі осы орайда саясаттанушы Данияр Әшімбаевпен пікірлескен еді.

Данияр Ашимбаев: Пора заканчивать этот балаган…

«Қытай Қазақстанды Орта Азияның көшбасшысы деп санайды. Орта Азия елдерімен әріптестік байланысты нығайтуда алдымен Ақордаға қарайлайды. Си Цзиньпин Тоқаевтың тұсындағы Қазақстанмен жаңа саяси-экономикалық қарым-қатынастың негізін қалауды көздеп отыр.

Бейжің басшысының пандемияден бергі алғашқы сапары Қазақстаннан басталуы да Қытайдың біздің елге көрсеткен құрметі іспеттес. Екі елдің арасындағы алыс-беріс, барыс-келіс арта түссе, бұдан екі тарап та ұтылмайтыны анық.

Си мырза президен Тоқаевпен жүздесуінде «достық» және «әріптестік» деген сөздерді бір емес, жеті мәрте айтты. Бұл Қазақстан – Қытай байланыстарының жаңа кезеңге аяқ басқанын аяғақтап отыр», – дейді Әшімбаев.

Ресми мәлімет бойынша екі елдің арасында дипломатиялық байланыс орнағалы бері Қытай Қазақстан экономикасы 70 млрд долларға жуық инвестиция құйған. Мұның негізгі бөлігі – мұнай-газ секторы, энергетика, тау кен өндірісі және транспорттық логистиканы жетілдіруге бағытталған.

«Екі елді екі бірдей магистралды мұнай құбыры байланыстырып жатыр. Кеңқияқ – Құмкөл және Атасу – Алашанкоу мұнай құбырлары арқылы жылына 30 млн тонна «қара алтын» тасымалданады.


Бертінгі жылдары Қытай билігінің мұрындық болуымен «Батыс Еуропа және Батыс Қытай» автокөлік дәлізі пайдалануға берілді. Аздаған уақытта Батыс елдерімен сауда-саттықтың күретамырына айналған тас жолдың 2800 шақырымы Қазақстанның территориясын басып өтеді. Қытайдың қолдаумен салынған шойын жолдар Ақтау мен Құрық портына  тауар жеткізуді жеңілдетті. Қазақстан мен Қытайдың шекарасындағы Қорғас портының «Достық» бекетін жаңалау, жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дәл осы жерде Батыс елдеріне жеткізілетін тауарлар пойызға тиеліп, Еуропаға аттанады», – дейді сарапшы.

Әшімбаевтың атап өткеніндей Қытай инвестиция біздің елге жаңа өндіріс орындары мен жұмыс орындарын құруға жәрдемдесуде.

Смайылов үкіметі Қытайдың «Бір жол, бір белдеу» жобасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен байланыстырып, Қазақстанның логистикалық және транзиттік потенциалын арттыруға күш салуда.

«Қытай Қазақстанның транспорттық және логистикалық әлеуетін күшейтуге, ел аумағында арнайы экономикалық аймақтардың көптеп пайда болуына  мүдделі. Қазақстан аумағы арқылы тасымалданатын тауарлар Бейжіңнің негізгі тұтынушысы саналатын – Батыс елдеріне теңіз тасымалына қарағанда анағұрлым ерте жетеді», – дейді Әшімбаев.

Рекомендовать
Последние новости