Назарбаев халық санағы кезінде 5 млн қазақты санаттан сызып тастаған - демограф

Dalanews 21 окт. 2022 09:24 1320

Мухоряпов деген сабаз қайдағы-жайдағыны еске түсіріп отыр. 2000-шы жылдардың басы. Алматы қалалық Ішкі саясат департаментінде бас маман боп қызмет етемін.

Бір күні бізге жарықтық Мақаш Тәтімов ағамыз келді. Бәкін-шүкін әңгімеден кейін әлгі кісіні астындағы асханаға шайға апардық. Сондағы айтқан сөзі мен көзі жадымда әлі күнге сайрап тұр.

Ағамыз көзі қулана ерен жарқ етіп бүй деген еді сонда: “Жақында өткен Халық санағының (1999 ж.болу керек) нәтижесін Нұрекеңе баяндаған едім. Сонда ол кісі солтүстіктегі көршіміз нервничать етеді деп қорытынды есептен 5-6 млн.қазақтың санын сызып тастады” деп еді. Ал сонда…

Ал сонда сол есептің сыртында иесіз қалған 5-6 миллион қазақ осы уақыт ішінде ай қарап, шошқа тағалап жүрмеген шығар?!

Ол 23 жылда кем дегенде 2 есе өсті делік, сонда тек солар өзі қанша адамға көбейді қазір?

Биылғы санақтың нәтижесінде 19,6 млн.болдық. Оған 10-12 миллионды қоссақ, қателеспейміз бе?! 30 миллион халыққа жақындамаймыз ба сонда?!


Оны былай қояйық. Сол 19,6 млн.халықтың 70%-ы - Қазақ!

Ал, оның 80%-ы мемлекеттік тілде еркін сөйлеймін деп жауап берген. Ал жоғарыда айтқан 10-12 млн. санаттан сызылған қаракөздерімізді ортақ тізімге қоссақ, онда кем дегенде 90%-ы қазақ тілінде еркін сөйлейтін халқымыз бар.

Енді бері келіңіздер.

Сонда республика халқының 70%-ы қазақ екен, оның 80-90%-ы қазақ тілінде еп-еркін сөйлейді екен, онда неге көпшілік яғни электораттың басым бөлігінің мүддесі аяқ асты болады???

Әгәрәки, сайлаушылардың басым көпшілігі қазақтар болса әмбе оның 80%-қазақ тілінде еркін сөйлейтін болса, онда электораттың басым көпшілігі дауыс беріп сайлаған Парламент, сол арқылы жасақталған Үкімет һәм жергілікті атқарушы билік неге іс қағаздарын электораттың басым бөлігінің тілінде жүргізіп, жиналыс-жиындарын неге электораттың басым бөлігінің тілінде өткізбейді?!

Неге электораттың басым бөлігінің тілінде бұқаралық ақпарат құралдары тиісінше қаржыландырылмайды, неге орыстілді БАҚ бізде дәуірлеп тұруы тиіс?


Неге қай-қайдағы келімсек электораттың басым бөлігінің намысына тиеді және неге оған электораттың басым бөлігі сайлаған мемлекеттік органдар тиісті жаза қолданбайды? Ондай “негелер” өте көп. Осыдан шығатын қорытынды біреу ғана!

Бұдан былай Мемлекет электораттың басым бөлігінің мүддесіне сай жұмыс істеуі керек. Барлық дамыған мемлекеттерде солай әйтеуір...

Біздің мемлекеттік органдар өздерін заманға сай жұмыс істеп отырмыз деп айтады ғой. Онда біздің айтып отырғанымызды олар өте жақсы түсінер деп ойлаймыз…

 

 Пікір иесі: Ақберен Елгезек


Автордың әлемжелідегі парақшасынан




Рекомендовать
Последние новости