Өз кезегінде жас математиктер мен химиктердің турнирлерінде балалар өте жақсы нәтижелер көрсетті. Бұл – мауысымда шығармашылық байқаулардың арасында жаңашыл бағыттағы іс-шара «Кел ойнайық» атты музыкалық ойындар жобасы болды. Жобаның мақсаты – баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметін арттырып, өнерге деген қызығушылығын артыру болып табылады.
Мерекелік іс-шаралар балалардың көңіл-күйін көтеріп, қызықты сәттерді есте қаларлықтай әсерге бөледі.
Алдағы уақытта осындай қызыққа, әсерге толы мерекелік іс-шараларды, жиі ұйымдастыруды көздеп отырмыз.
Өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуы, жан-жақты дамуы, бойындағы өнерінің дамуы біз үшін маңызды. Терең білім алып, өзін дамытқан жастардың олимпиада жеңімпаздары болып, биік шыңдарды бағындыратыны анық.
Биылғы 5 мауысым барысында да, түрлі мерекелік іс-шаралар, танымдық кештер, интелектуалдық, зияткерлік ойындары ұйымдастырып, демалушы балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен терең білім бере алдық. Осының бәрі орталығымыздағы қызыметкерлердің тынымсыз еңбегінің нәтижесі деп беліемін.
Д.К. Қуандықова, ҒӘБ әдіскері