Белгілі ғалым Моңғолияның Қазақстандағы мәдениет өкілі болып тағайындалды

Dalanews 16 апр. 2016 00:35 1010

Моңғолия Сыртқы істер министрі Лүнденгийн Пүрэвсүрэн мырзаның қаулысымен Түркі академиясы халықаралық ұйымының ғылыми қызметкері Ақеділ Тойшанұлы Моңғолияның Қазақстандағы мәдениет өкілі боп тағайындалды.

Осыған орай бүгін Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жагир Сухээ А.Тойшанұлына куәлігін ресми түрде табыс етті. Салтанатты шараға Академия басшысы Дархан Қыдырәлі, Моңғолия елшілігінің қызметкерлері мен баспасөз өкілдері қатысты.

Елші мырзаның айтуына сәйкес, бұл тағайындау Академияның Моңғолиядағы түркі мұрасын, ежелгі көшпенділердің тарихы мен фольклорын зерттеу, сондай-ақ археологиялық бағытта жүргізіп келген ғылыми жобаларын ескере отырып, келешекте одан әрі қолдау мақсатында  берілген.  Өз кезегінде Мәдениет өкілі екі ел арасындағы ғылым, мәдениет пен руханият салаларындағы байланыстарды тереңдете түсуге атсалысатын болады.

Сертификаты.jpg

Рекомендовать
Последние новости