Үндістан орманшысы

Dalanews 16 апр. 2016 01:30 1088

Үндістанның шығысында «Majuli» дейтін арал бар. 1900 жылдан бері климаттың нашарлауынан бұл аралдың экологиясы қатты өзгеріске ұшырап,  арал территориясы қу медиен шөлге айналғандықтан мұндағы жабайы аңдар топ-тобымен мекенінен алыстады. 

Миың Хуй ( Қытай )


Әңгіме былай басталады. 1979 жылы 16 жастағы үндістандық Жадав Пейін (Jadav Payeng) сол кездегі сүркейлі жағдайды өз көзімен көреді:  оның туған жері Үндістанның шығысындағы Асамбан өңіріне бір реткі тасқын суы санақсыз жыландарды ағызып әкеледі. Тасқын тынған соң әлгі жыландар қозғалуға да шамасы жетпей, сол жерде қырылады. Осы сүркейлі көрініс оның өміріне бұрылыс әкелді.


358873fad4914931314b94f2036b503a_XL«Әлгі жыландар шөл далада өмір сүре алмады, өйткені сол кезде шөл далада жалғыз түп те ағаш жоқ еді. Мен жыландардың өлі бейнесіне қарап отырып, көзімнен тарам-тарам жас аққанын білмеппін. Сол сәт бейне ауыр қырғыншылықты көз алдыма әкелді. Мен әкімдіктің орман басқару бөлімшесіне барып, шөл далаға ағаш егуді айттым. Олар ұсынысыма басын шайқап, бұл шөл далаға тек қана бамбук егіп, сынап көруімді айтты. Сол күндер ауыр қасіретімен есімде қалды. Ойымды қолдап-қуаттайтын пенде табылмады. Соңында мен ойлағанымды жүзеге асырдым». 52 жасқа шыққан Пейін сол күндерді осылай баяндап берді.


скачанные файлыБір кездегі тіршілік кешу қиынға соққан қу медиен даланың бүгінгі күні 550 гектар аумақтағы орманға айналарын ешкім де ойламаған шығар?  Алуан түрлі құстар, бұғы, марал, мұйызтұмсық, жолбарыс, піл қатарлы аңдар ормандықтан тыныс тапты, ол бір түп ағаш егуден бастап, бұл жұмақ мекенді жарату үшін 36 жылдық ғұмырын сарп етті. Ақырында өзі бұл мекеннен айырылмастай күйге түседі.  Қымбатты 36 жылдық өмірі барысында әр күні бір түп ағаш егуді дағдыға айналдырды. Санаққа негізделгенде, ол жалпы он неше мың түп ағаш егіпті. Еккен ағаштарын суару Пейіннің басын қатырған іс еді. Өйткені ормандықтың көлемі үлкен, оның үстіне ол жалғыз ілік болғандықтан өзеннен су тасып ағаш суару қиямет-қайымның ісімен парапар. Ақырында ол бұның да амалын табады, бамбук жапырағын жалғап, үстіне балшықтан кішкене науаша жасап, оның түбінен тесік ашып, науашаға құйылған суды бамбук жапырағынан жасаған тоғанға жіберіп, ағаштарға ақырындап су жеткізеді. Осындай михнатпен 20 жылын өткізген ол ормандықтағы ағаштарды аман-есен қатарға қосады.


 Бұдан сырт Пейін экологияны танып-білуге ынталанып, ортаны әуелгі қалпына қайтарады. Ол жердің топырағы құнарсыз болғандықтан, Пейін әуелі құмырсқалар мен жауын құртын әкеледі. Құмырсқа мен жауын құрты тасқа айналуға шақ қалған топырақты жібітіп, топырақтың әуелгі қалпына қайтуына, құнарлануына ешкім де жасай алмайтын көмек жасады.


Құмырсқа мен жауын құртының бұл қарапайым әдісі ешбір техниканың тілін де қажет етпегені шындық.


Орман арасында өмірін өткізуге ниеттенген Пейін ауылдықтағы қызметін тастап, орман арасына көшіп келіп, бірнеше бас сиыр сатып алып, баспана тұрғызады. Күні бүгінге дейін бір отбасындағы бес жан ормандықта күн кешіп келеді.


Уақыттың озуымен ағаштар аспанмен бой таласып өсе берді,  кейбір қиыншылықтар да бара-бара шешімін тапты. Ормандағы пілдер орманнан алыстап, жергілікті тұрғындардың дақылдарына зиян сала бастайды. Еркінсіген жолбарыстар да маңындағы жергілікті тұрғындардың үй құстары мен түліктеріне ауыз салуды әдетке айналдырады әрі жабайы аңдар сол маңдағы тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді. Ашуға бөккен тұрғындар Пейіннің мазасын ала береді.


Бұл қиын жағдайдан құтылу үшін Пейін жалғасты сансыз түп ағаш егеді. Мұның ішінде банан ағашының саны ең мол еді. Мұның құпиялығы, піл банан ағашын жақсы көреді, осы арқылы пілдерді орманнан шығармаудың әдісін табады. Оның үстіне ормандықта өзге де хайуанаттар түрі көбейген соң жыртқыш жолбарыстар мен басқа да аңдар орман арасынан азық тауып, ендігәрі орманнан шығып, тұрғындардың мазасын алмайтын болады.


  Жыл артынан жыл өтіп, баяғы қақыраған шөлді дала өз табиғатына қайта оралып, аңдарда өз мекенінде асыр салады.


forest-manПейіннің орман өсірген ғибратты хикаясы көптеген ғалымдарды таңғалдырады:  кең табиғаттың өзіне тәуелді азықтық тізбегі болса да, біз неліктен оған бағынбаймыз? Дәл қазіргідей парасатты өмірде жабайы аңдарды біз бас болып қорғамасақ, кім қорғайды?  Пейіннің тәжірибесі бізге, шынтуайтында, біздің көптеген санақ-цифрды қажет етпей-ақ тұқымы құрыған орманға барып, сансыз зардаптарға көз жеткізгенімізді әрі теңдессіз техникалардың да табиғи байлықты сақтап қалуға дәрменсіздік танытатынын түсіндірді.


 Бұл күндері Пейіннің ормандығына мыңдаған жабайы аңдар әр тараптан ағылып жатыр. 100-ден астам топтасқан пілдер әр жылы Пейіннің орманына барып, бірнеше ай паналайды. Бұл пілдерде ізгі ниетті жалғыз адамның бар қажыр-қайратын жұмсап, өзінің асқақ арманын орындағанын дүниеге паш еткісі келетіндей.


621876_456766234381419_2058207494_o2008 жылы Үндістан үкіметінің орман басқару мекемесі бір топ мекен ауыстырған пілдерге ілесіп, Пейіннің ормандығына барады. Ормандық сол кезден бастап Пейіннің жақсы көретін үй жануары  «Maolai»-дың атымен аталып, «Forest Maolai»  («Маулай ормандығы»)  деп аталды. 2012 жылы Үндістанның Астанасы Жаңа Делидегі Нехру университеті (Nehru University) Пейінге марапаттау куәлігін беріп, оған  «Үндістан орманшысы» (Forest man of India) деген атақ береді. 2013 жылы Пейін және де Үндістан үкіметінің орман басқару мекемесінің марапат куәлігін тапсырып алады. Сол жылы канадалық деректі фильм режиссері Вейлмейк Мастр Пейіннің ізгі ісінен әсерленіп, Американың «Kickstarter»  қоры арқылы қаржы топтап, ол туралы «Орманшы адам» атты деректі фильм түсіріп, жалғыз адамның күші де Жер шарындағы экологиялық ортаға әсер ететінін төрткіл дүниеге таратты.


 Күні бүгінге дейін Пейін әуелгі ізгі ниетінен қайтқан емес. Ол қазір өзі өсірген ормандықта өмір сүріп, әр күні ағаштарды баптауда. Оның ендігі жаңа жоспары – ормандығына жақын маңдағы 150 гектар қағыр далаға жайқалған орман өсіріп, тіршілік тынысын қалыптастыру.


«Бала шағымда бірге оқыған достарымның бесеуі инженер болды. Мен отыз неше жылдық жапа-машақат пен мағыналы өмірім барысында жеткен жетістіктерім осы орман өсіру екенін танып жеттім». Ол сенімді түрде осылай сабақтады сөзін. Оның қазіргі тұрмысы өте шат-шадыман да мағыналы.


 Қытай тілінен аударған  Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН


Рекомендовать
Последние новости