Бас прокуратура "Қорғастағы" 7 млрд теңгенің инвестжобасын бұғаттан босатуға қол жеткізді

Кәмшат Тілеухан 21 авг. 2025 14:58

Бас прокуратура Қытай инвесторының құқықтарын қорғап шықты. Қабылданған шаралардың арқасында құны 7 млрд теңге болатын жоба бұғаттан босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қорғас" ХШҚО арнайы экономикалық аймағының аумағында "Қолөнершілер қаласы" сауда павильонын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыратын қытайлық инвестор - "International castle" ЖШС-ның мәселесі сәтті шешілді.

"Компания арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының тізіліміне тіркеуден бас тарту түрінде және қатысу шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жобаны іске асыруда белгілі бір кедергілерге тап болды. Құрылыс материалдарын жеткізудің аяқталмаған кедендік рәсіміне және инвесторды кейіннен тізілімнен шығаруға байланысты Мемлекеттік кіріс органдары 1,4 млрд теңгеге кедендік төлемдерді қосымша есептеген", делінген хабарламада.

Инвесторға қатысты шектеулер алынып тасталды, заңсыз есептелген төлемдердің көзі жойылды. Жіберілген бұзушылықтар үшін кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде компания 7 млрд теңге тұратын жобаны қайта іске қосты, оның шеңберінде жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

Инвестициялық жоба туристік және сауда әлеуетін дамытуға, сондай-ақ арнайы экономикалық аумақта қазақстандық тарапқа қытайлық туристердің қызығушылығын арттыруға бағытталған.

"Егер сіз инвестор болсаңыз және жобаны жүзеге асыруда қиындықтар туындап жатса, құқықтық көмек алу және кеңес алу үшін Бас прокуратураның кәсіпкерлер мен инвесторлар құқықтарын қорғау жөніндегі call-орталығына хабарласуға болады: 7172 30-17-93, +7-702-629-75-61", - деп хабарлайды ведомстводан.  

Бұған дейін 2025 жылғы қаңтар–шілде айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі (НКИ) өткен жылдың осындай кезеңіндегі 19,3% көрсеткішпен салыстырғанда 16,1%-ға дейін баяулағанын жазғанбыз


Рекомендовать
Последние новости