"Бәрі Назарбаевтан басталды". Кеoсaян тағы бір шулы мәлімдеме жасады

Dalanews 16 мая 2022 04:10 880

Ресейлік журналист Тигран Кеосаян Қазақстанға жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол бұл туралы өзінің ютуб арнасына кезекті бейнематериалын шығарып, Қазақстанға мәлімдеме жасады.

Айтуынша, алғашқы видеосы көп қаралым жинап, көптің наразылығын тудырғаннан кейін 2 аптада Қазақстан туралы бірнеше мәлімет жинаған.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезіндегі Қазақстан мен өзге елдер арасындағы келісімі Украинаның өткен әрекетіне ұқсас екен.

“Көптілді ел үшін қауіпті. Қазір Украинада не болып жатқанын көрудеміз. Және Қазақстанды да айтуымызға болады… Назарбаев Қазақстанға американдықтардың биолаборатория салуына рұқсат берді. Украина да бұрын солай істеген. Естеріңізде ме? Нәтижесі не болды?” ,- деді Кесоян бинематериалда.

Оның айтуынша, “Қазақстанда ешқашан мықты мемлекеттілік болған емес".


"Біз мұнда Елбасыны қарсы алдық. Иә, біз оларды қаңтар айында террористерден құтқардық. Олар не істеді? Қазақстан русофобиялық мемлекетке айналды. Сондай-ақ сендердің компрадорлық элиталарың да шетелге ақша тасып, басқалардың ізімен жүр", – дейді ол.

Сондай-ақ, ол КСРО тарағаннан кейін, тәуелсіздік алған 15 ел туралы айта келе, “тәуелсізбін” деген Иран, Ирак, Югославия, Ауғанстан елдерінің қазіргі күйіне тоқталды.

“Мен қорқытпаймын, ескертемін! Бұл неге апарады? Қазіргі Украинаның қандай күйге түскенін еске алыңыздар! Сендер де солардың жолымен бірге русофобиялық мемлекет құру жолында келе жатырсыздар. Кітаптар, орыс тіліне тыйым салу, ортақ мерекелерді алып тастау, көше аттарын өзгерткеннен не шықты? “, -деді ол.

...

"Қазақтар, бауырларым, алғыс білдірген түрлерің осы ма? Ресей бір жаққа құрып кетеді деп шештіңдер ме? Марсқа қоныс аударып кетеді деп ойлайсыңдар ма немесе сендер эмиграция жасайсыңдар ма? Мен – Ресей Федерациясының азаматы Тигран Эдмондович Кеосаянның жеке пікірін айтамын. Украинаға мұқият қарап, байыппен ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар да өзара қарым-қатынас деңгейін қайта бағалап, қайта қарауы керек деп ойлаймын.

Себебі, қымбаттыларым, одан әрі айлакерлікке салынып, бұл іс-әрекеттерің үшін ештеңе болмайды деп ойласаңдар, қателесесіңдер.


Әлем өзгерді, бәрі өзгерді. Ал пойыз кетіп жатыр. Сендер соңғы вагонға секіре аласыңдар. Мен бұған сенемін, өйткені “барлық” достық ойындары аяқталды. Қазір аман қалу мәселесі маңызды", – деген болатын бұдан бұрын Кремль пропагандашысы.

Рекомендовать
Последние новости