Арыстанбек Мұхамедиұлын тексеру басталды

Dalanews 16 мая 2022 04:35 831

Бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үйін, ол басқаратын Ұлттық музейді және оның туыстарының дүние-мүлкін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Dala Инсайд телеграм арнасына сілтеме жасап.

Жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» көрмесіне жұмсалған шығындарды тексеріп жатыр.

Бұл шеруді өткізу үшін «Экспонат» ЖШС (директоры – Ұмсын Тобағабылова) 1,3 млрд теңге жеңіп алған.

Бюро қызметкерлері бұл компанияның Ұлттық музеймен байланысы бар-жоғын тексеруде. Қазір Арыстанбек Мұхамедиұлының туыстарының дүние-мүлкі де тексерілуде.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014-2019 жылдары Мәдениет және спорт министрі, 2019 жылдан бастап ҚР Ұлттық музей директоры қызметінде.

 




Рекомендовать
Последние новости