Бақытжан Сағынтаев: «Шеврон» компаниясымен ынтымақтастық жалғаса бермек»

Dalanews 19 сент. 2018 09:33 769

Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Шеврон. Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыс. Барлау және өндіру» президенті Джеффри Тодд Леви және «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесінің жаңа директоры Дж. Балтцтың басшылығымен Chevron компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында мұнай-газ саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.


Атап айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС, Қарашығанақ жобасы және Каспий құбыр консорциумы бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Кездесу барысында Теңіз кен орнын кеңейту жобасы талқыланды.

Тараптар аталған жоба Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына, сондай-ақ ТШО-ның барлық серіктестеріне оң мультипликативті әсер беретінін атап өтті.

Dalanews.kz анықтамасы:


 «Шеврон» компаниясы «Pacific Oil Coast Co» атауымен 1879 жылы құрылған. Штаб-пәтері Сан-Рамон қаласында орналасқан (Калифорния, АҚШ), операциялары әлемнің 180 елінде жүргізіледі.

 Қызметкерлер саны шамамен 62 мың адам.

 Компания капиталы $232 млрд құрайды.

Қазақстанда «Шеврон» «Теңізшевройл» ЖШС-на (50%), Қарашығанақ жобасына (18%), Каспий құбыр консорциумына (15%) қатысады.

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жобасы туралы келісімге 1993 жылғы 2 сәуірде ҚР мен «Шеврон» компаниясы арасында қол қойылды.


Көмірсутегін барлау және өндіруге арналған лицензия ТШО-ға 1993 жылы 40 жыл мерзімге берілді.

2018 жылға арналған мұнай өндіру жоспары 27,8 млн тоннаны құрайды. Қарашығанақ жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Бритиш Газ» («Шелл») — 29,25%, «ENI» — 29,25%, «Шеврон» — 18%, «Лукойл» — 13,5% және «ҚазМұнайГаз» АҚ — 10% үлестік қатысуымен, аталған компаниялар Альянсының арасында қол қойылған Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім аясында іске асырылады.

Келісімге 1997 жылдың 18 қарашасында, 40 жыл мерзімге қол қойылды. 2017 жылы нақты өндіру көлемі 11,2 млн тонна сұйық көмірсутектерін (жоспарда — 10,7 млн т) және 18,9 млрд м3 газды (жоспарда — 18,3 млрд м3) құрады. 2018 жылы сұйық көмірсутектерді өндіру жоспары — 10,887 млн тонна, газ өндіру — 18,37 млрд м3. Жалпы ұзындығы 1510 шақырым болатын (оның 452 шақырымы — қазақстандық үлес) «Каспий Құбыр Консорциумы» (КҚК) мұнай құбыры қазақстандық мұнай кен орны «Теңіз» бен Қара теңіздегі «Оңтүстік Озереевка» мұнай терминалын біріктіреді.

 Ол 2001 жылы пайдалануға берілді. 2017 жылы КҚК мұнай құбырымен 55,1 млн тонна мұнай тасымалданды, оның ішіндегі қазақстандық мөлшер — 49,6 млн тонна.

Фото: primeminister.kz

Рекомендовать
Последние новости