Әзімбай Ғали. Мәсімов Үкіметі, Қытай қорқынышы және жер дауы туралы

Dalanews 10 сент. 2016 07:50 833

Мәсімовтің 2007-2012 және 2014-2016 жылдарда реформа жүргізбеуі  Үкіметтің кемшілігі дер едім.

Олар:

1)оңшыл либералдық реформалар жүргізу керек еді;

2) экономиканы диверсификациялау кешеуілдеді - жаңа технологиялар ойдағыдай дамымады;

3) экономиканы диверсификациялау тек шикізаттық (мұнай, уран, ақ бидай) тарапта ғана болды;

4)капиталдың республикадан қашуы, бизнестің жағдайы ойдағыдай болмағаны;

5)азаматтық кодекс жасалса да демократиялық институттық реформалар (билік тараптары атқарушы билік, заң шығарушы билік, сот билігі және жергілікті жерлерде өзін өзі басқару жүйесін қуаттандыру) жасалмады.

2007-2012 жылдардағы қаржылар пәрменді диверсификацияға жұмсалды. Қабылданған проектер тек айналымсыз проект болды, бюджетке бүгінгі күнге дейін масыл болды. Осы жылдары ірі жер латифундизмі пайда болды.

Жер ірі агрокорпорациялардың қолына үлкен көлемде жиналды. Сол агрокорпорация жартылай мемлекеттік не жеке меншіктегі не шетелдік агрокорпорациялар болып шықты (Қытай, Қытай деп, Ресейді Қазақстанның агробизнесіне кіргізіп алдық.)

Латифундизм ауыл шаруашылығына және экономикаға тұсау болады. Жерді фермерлерге берудің орнына агрокорпорацияларға беру (80% қазақ екенін біліп отырып, қазаққа қазақтың жерін жеке меншікке беруді қимадық: «жерді сатқан - анасын сатқан» деп жерді жоғарыдағы айтқан агрокорпорацияларға беріп қойып, мораторий жәрияладық). Президент жерді латифундистерден тартып алмайды, бірақ қала маңындағы жерге жерсіздерді отырғызам деп отыр. Ол дұрыс шара.

Cолтүстік Африка Франциядан азаттық алғанда, мәселенки, Алжирдегі француз колонистері Францияға көшіп кетуге мәжбүр болған . Сонда Президенттік инауграцияға келген араб офицерлерінің басшылары арабша әзер сөйлеген. Бүгінгі күні алжирліктердің төрттен бірі француздарша таза французша сөйлейді екен. Яғни, отарлаушылардың тілі Алжир секілді бізде де біраз үстемдік ете тұруы мүмкін. Сонымен бірге ауызекі француз тілі мен қатар араб студенттері мен истеблишмент ағылшын тілін пайдалануды көбейтіп келеді. Мен білетін арабтар француз тілімен қатар, ағылшынша тәп-тәуір сөйлейді. Ал қарапайым арабтар арабша әзер жазады, немесе мүлдем жаза алмайды. Сауатсыздар15%, ал шала сауаттылар тағы 15% дейді. Солтүстік Африка арабтары қыздарын оқытуды бекер деп есептейді. Әйелдердің жұмыс істеу дәстүрі мен құқығы жоқ, ал күйеулерінің табысы аз. Егерде жұмыс істейтін әйел көрсең - олар христиандар, армяндар немесе еврейлер болуы мүмкін.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы


Рекомендовать
Последние новости