Геннадий ештеңеден алаңдамайды

Dalanews 10 сент. 2016 08:04 857





 

Бапкер Абель Санчес Sky Sport басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкинның жекпе-жек алдындағы дайындығы, денсаулығы жөнінде мәлімдеме жасаған, - деп хабарлайды Vesti.kz

Дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімінен кейін Головкин журналистермен сұхбаттасудан бас тартты. Таяуда ұлыбританиялық БАҚ қазақстандық боксшының денсаулығына күмән тудырған болатын.

"Ол Келлге өзін мықты сезінуге мүмкіндік берді, - дейді Санчес Головкинның сұхбаттасудан бас тартқанына.  - Ол жекпе-жекке дайындалып жатыр. Бұл спортшы әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізді, ал кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген. Оны ештеңе мазаламайды. Ол тек Келлге мүмкіндік берді.

Біз жекпе-жекті күтіп жүрміз. Біз әр түрлі стиль мен неше түрлі боксшыларды көрдік, сондықтан ештеңге алаңдамаймыз. Геннадий шаршы алаңға шығуды асыға күтіп жүр және бірінші соққыдан бастап ол өз жұмысына кіріседі.

Келл бүгін өзінің ең мықты қалпын көрсетті. Ол физикалық тұрғыдан дайын екенін көрсетті, алайда оған әлемдегі орта салмақтағы ең мықты боксшы қарсы шығып тұр. Егер оның қарсыласы басқа біреу болса мен Келлдың мүмкіндігі 50 де 50 деп бағалар едім, бірақ ертең оған өте ауыр болады.

Ұлыбританиялық жанкүйерлер өздерінің боксшыларына өте мықты қолдау көрсетеді. Бұл бұрышта тұрған қосалқы адам. Фанаттар Бруктың жағында болады, алайда Геннадий өзін көрсеткен уақытта жанкүйерлер оны шын мәнінде бағалайтын болады", - деді ол.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брук (36-0, 25 КО) кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арнаары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады.

kaz.tengrinews.kz





Рекомендовать
Последние новости