"Әзілдегем...". Әкімнің "креслосын" сатып алмақ болған шенді қалай ақталды?

Dalanews 23 янв. 2020 14:42 826

Сүлейменовтің өзі бұл жай жолдастары арасында айтылған қалжың сөзім еді деп ақталды.




Жамбыл облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлескен Мерке ауданы әкімінің орынбасары Миржан Сүлейменовтің ісі қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол жергілікті кәсіпкермен телефон арқылы сөйлескен сөзінде аудан әкімі "креслосын" сатып алатынын айтқан.

Сүлейменовтің өзі бұл жай жолдастары арасында айтылған қалжың сөзім еді деп ақталды.

Әдеп жөніндегі кеңес шендіні қызметінен төмендетуді ұсынды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шарасы мақсатында Сүлейменов қызметінен босатылды, деп хабарлады әкімдіктегілер.

Сүлейменовтің телефонын жемқорлық ісін тексеріп жатқан қауіпсіздік қызметі тыңдаған. Олар оның әкім креслосы туралы сөзін жазып алған. Мемлекеттік қызметкер ақшасы ысырап болмай ма деп қобалжиды. Онша бай емес аграрлы өңірге осынша ақшаны (50 мың доллар) шашуға тұра ма деп салады ол. Кейіннен шендінің өңірдегі белгілі бір кәсіпкермен сөйлескені белгілі болды.

Рекомендовать
Последние новости