Азамат Қалдыбеков Алматының Бостандық ауданына әкім болды

Сағыныш Сардарова 03 нояб. 2025 09:24

Азамат Қалдыбеков Алматының Бостандық ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды.

Азамат Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (АҚШ, Солтүстік Каролина) құқық магистрі дәрежесін алған. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғаған.

  • Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында жетекші маман қызметінен бастаған.
  • Әр жылдары ҚР Ұлттық банкі, "Самұрық-Қазына" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеді.
  • 2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы болып жұмыс істеді. 2018 жылғы шілдеден 2019 жылғы наурызға дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратының басшысы болды.
  • 2019-2020 жылдары Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
  • 2020-2024 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
  • 2024 жылдан осы уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Dalanews.kz "қызметінен босатылған Азамат Қалдыбеков Бостандық ауданының әкімі болатынын" жазған болатын. Енді дереккөз ақпараты расталып отыр. Бұл орын біраз уақыт бойы бос тұрған еді. 


Рекомендовать
Последние новости