Қырғызстанда мектепте 50-ден астам оқушы шаурмадан уланып қалды

Ақтоты Жапатова 01 нояб. 2025 14:20

Бішкектегі жекеменшік мектептердің бірінде жаппай улану тіркелді. Уланғандардың бәрі түскі асқа шаурма жеген, деп хабарлайды Dalanews.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 қазанда сағат 22:30-да Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына тағамнан улану белгілері бар науқастар түсе бастаған. Барлық науқастың 12:00-13:00 аралығында мектеп асханасында шаурма жегені анықталды.

Барлығы 58 науқас медициналық көмекке жүгінген, олардың 54-і - бала.

"7 бала және 2 ересек ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты. 49 науқас қараудан және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін тиісті нұсқаулықпен амбулаторлық емдеуге жіберілді. Барлық науқастан талдаулар алынды", - делінген жарияланымда.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бұл оқиға бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости