Қазақстан ІІМ Екатерина Биволға іздеу жариялады

Көркем Алдабергенова 31 окт. 2025 17:58

Қазақстан ІІМ боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға іздеу жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ішкі істер министрлігі Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ол қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен іздеуде жүр.

Еске салайық, бұған дейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Қырғызстан өкілдеріне қатысты әдепсіз және қорлайтын пікірлер айтылған видеоны жариялаған еді. Өткен аптада оның қамауға алу туралы ордерін көршілес Қырғызстан билігі шығарған болатын.


Рекомендовать
Последние новости