Шетелге нәпақа іздеп кететін қазақстандықтардың саны азайған

Сағыныш Сардарова 31 окт. 2025 17:35

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев елдегі қазіргі көші-қон ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елге келушілердің негізгі бөлігі ТМД елдері мен Қытай Халық Республикасынан.

Вице-министрдің айтуынша, 2023 жылдан бері шетелге жұмыс істеу мақсатында шығатын қазақстандықтардың саны азайып келеді.

"Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша жұмыс істеу мақсатында шетелде 156,7 мың отандасымыз жүр. Қазақстандықтардың басым бөлігі Ресей Федерациясында, онда 128,8 мың адам бар, Корея Республикасында 15,2 мың адам жүр, Польшада 2,6 мың адам, ал Ұлыбританияда 1,4 мың адам еңбек етеді", - деді шенеунік.


Рекомендовать
Последние новости