Астанада 15-қабатқа шығып алған қыз жұртты шошытты

Сағыныш Сардарова 30 окт. 2025 16:53

Астанада 15-қабатқа шығып алған қыз жұртты шошытты. Елордалық құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін 112 қызметіне Байқоңыр ауданы Ш.Иманбаева көшесінде 15-қабаттағы парапеттің шетінде адам тұр деген хабар түскен.

"Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері дереу жетті. Құтқарушылар көрші пәтер арқылы қауіпті жерге шығып, бойжеткенді бұл қадамнан бас тартуға көндіруге тырысып, келіссөзді бастады. Осы уақытта құтқарушылардың тағы бір тобы автосаты көмегімен көтерілді", - деді елордалық ТЖД өкілі.

ТЖД өкілдері 1999 жылы туған қызды құтқарған. Ал әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап кетті.


Рекомендовать
Последние новости