Қазанның аяғында ауа райы қандай болады?

Сағыныш Сардарова 30 окт. 2025 07:00

Синоптиктер 30, 31 қазанға және 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдағы күндері республика аумағына Атлант мұхитынан келетін циклон әсер етеді. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен жел күшейеді. Тек 30 қазанда солтүстік пен орталықта, 30–31 қазанда республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Оңтүстік өңірлерде де атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жаңбыр жауады, ал таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Ауа температурасы біртіндеп төмендейді:

  • күндіз батыста +5…+10°С,
  • солтүстік пен орталықта +2…+10°С,
  • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +8…+17°С,
  • шығыста +8…+18°С шамасында болады.

Рекомендовать
Последние новости