Головкин шаршы алаңға қайтадан шықпақ

Сағыныш Сардарова 29 окт. 2025 09:48

Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Жан Паскаль қазақтың даңқты боксшысы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) рингке қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz Sportinside.kz арнасына сілтеп.

Бір ай бұрын Головкиннің боксқа қайта оралуы туралы қауесет тараған еді. 43 жастағы боксшы соңғы рет 2022 жылы қыркүйекте Сауль "Канело" Альвареспен өткен жекпе-жегінде жеңіліс тапқаннан бері рингке шыққан жоқ. Сол кезде ол өз пікірін білдіріп:

"Неге қайта шаршы алаңға шықпасқа? Эмоционалды тұрғыда өзімді бұрынғыдай сезінемін…" – деп жауап берген болатын.

Алайда Паскаль бұл спорттық амбициямен емес, қаржылық себеппен болатынын айтады:

"Мен оны өте құрметтеймін, ол – аңыз. Бірақ төрт жыл бойы рингтен тыс болу – жоғары деңгейдегі бокс үшін өте ұзақ уақыт. Рефлекстер, тайминг, ішкі от – бәрі әлсірейді. Егер ол қайта оралса, бұл тек үлкен гонорар үшін болмақ. Ол өзінің мықтылығын әлдеқашан дәлелдеді", – деді Паскаль.


Рекомендовать
Последние новости