Еңбек министрлігі Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға елге оралуға кеңес берді

Көркем Алдабергенова 31 окт. 2025 13:15

Еңбек министрлігі Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға елге оралуға кеңес берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Асқарбек Ертаевтың айтуынша, бүгінде Оңтүстік Кореяда шамамен 15 мың қазақстандық жұмыс істейді. Олардың ішінде 11 мыңының мәртебесі заңсыз.

Екі ел арасындағы келісім әлі реттелмеген

Ертаевтың мәліметінше, қазақстандықтар Кореяда ресми түрде еңбек ете алмай отыр, себебі екі ел арасындағы жұмыс күшін заңды жолмен тарту жөніндегі келісімдер әлі жасалмаған.

Кореяда жаппай тексеріс басталды

Жақында Оңтүстік Корея полициясы заңсыз мигранттарға қарсы ірі рейд жүргізіп, елде рұқсатсыз жүрген шетел азаматтарын ұстап, өз елдеріне қайтарды.
Билік жыл соңына дейін заңсыз жүргендердің барлығы ерікті түрде еліне оралуы қажет екенін ескерткен.

Министрлік Кореяда жүрген қазақстандықтарға елге өз еркімен қайтып, заңды жұмыс істеу жолдарын қарастыруға кеңес берді.


Рекомендовать
Последние новости