“Айыппұл жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауысты”. Жемқорлық жасаған сотталушыға қатысты үкім өзгерді

Қаракөз Амантай 13 янв. 2025 11:43 257

Астана прокуратурасы сыбайлас жемқорлық бойынша сотталған азаматтың айыппұл жазасы бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Сот шешімімен айыппұлдың орнына жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жалған түбіртектерді ұсыну фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді прокуратура.

Алдын ала мәлімет бойынша, қала тұрғыны бірнеше рет мемлекеттік қызметкерлерге пара бергені үшін 240,3 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу үшін сотталған.

Сотталушы айыппұлдың 196 миллион теңгесі төленгенін растайтын түбіртектердің көшірмесін сот орындаушыға ұсынған. Алайда Нұра ауданы прокуратурасының тексеруі бұл ақшаның мемлекет қазынасына түспегенін және түбіртектердің жалған екенін анықтады.

Прокуратураның нұсқауымен сот орындаушы айыппұлды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа өтініш берді. Бұл өтініш қанағаттандырылды.


Рекомендовать
Последние новости