Тоқаев Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысын жоғары бағалады

Көркем Алдабергенова 08 янв. 2025 12:20 1329

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады. Әңгіме барысында президент Ақордада жаңа қызмет не үшін пайда болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Еске салайық, 6 қаңтарда президенттің Жарлығымен Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылған еді. 


Рекомендовать
Последние новости