Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Новосибирскіде ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды.
Ол үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген.
Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған.
Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.
Еске салайық, бұған дейін банктен ірі көлемде ақша ұрлаған ер адам Швецияда ұсталған болатын.
Ол аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.
2018 жылдың қазан айында күдікті Алматы қаласындағы банктің бірінен аударымдарда махинация жасай отырып, 55 миллион теңге ұрлаған.
Қазіргі уақытта күдікті шетелде қамауда отыр.