Банктен ірі көлемде ақша ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды

Қаракөз Амантай 11 қаң. 2025 10:09 340

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Швецияда 38 жастағы ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.

2018 жылдың қазан айында күдікті Алматы қаласындағы банктің бірінен аударымдарда махинация жасай отырып, 55 миллион теңге ұрлаған.

Қазіргі уақытта күдікті шетелде қамауда отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар