Айдос Сарым: қазақ-түрік лицейлерін "Алаш лицейлері" деп атайық

Dalanews 30 июл. 2016 08:26 885

Саясаттанушы Айдос Сарым өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі күні қазақ-түрік лицейлерінің атауын өзгертуді ұсынды. 

Саясаттанушының пікірінше, еліміздегі Қазақ-түрік лицейлері қазақтың мемлекеттік мүддесіне, болашағына жұмыс істеп жатыр.

"Барлығы мемлекеттік стандартқа сай. Егер біреулердің тақиясына тар келіп жатса, онда оларды Алаш лицейлері деп аталық. Алаш қазақтан да кең ұғым. Алдағы жылы Алашорданың жүзжылдығы да келе жатыр дегендей..." – деп жазды Айдос Сарым.

Рекомендовать
Последние новости