Әуе билеттері сатылымы жөніндегі Aviata сервисінің атауы Freedom Travel деп өзгертілді. Ал жолаушылар үйреніп қалған мұндағы басты мүмкіндіктер - билеттерді іздеу, жеке кабинет және 24/7 қолдау сол күйі өзгеріссіз қалып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сайттағы деректерге сүйенсек, жолаушылардың аккаунты мен мәліметі, броньдар тарихы, ақысы төленген билеттер мен отырғызу талондары сақтаулы болады.
Aviata.kz сайты қосымша жұмыс істей береді, бірақ қолданушыларды жаңа сайтқа жолдап отырады. Қолданбаны өшіріп, жаңасын жүктеудің керегі жоқ. Ол өздігінен жаңарады.
2013 жылы құрылған Aviata сервисі 2023 жылғы сәуірде Авиата Freedom Holding Corp. құрамына кірді. Бұл қадам холдингтің төлем жүйесі мен сақтандыру компанияларымен бірігуіне жол ашты.
"Бұл ребрендинг — сервистің өзгеру үшін басқан маңызды қадамы әрі Freedom экожүйесіне толықтай енуі", делінген компания хабарламасында.
Freedom экожүйесі — инвестиция, қаржы, сақтандыру, мобайл байланыс, лайфстайл саласындағы компаниялар біріккен жүйе. Оның барлық дерлік өнімін Freedom SuperApp қолданбасынан таба аласыздар.
Freedom Travel өз қолданушыларына мынандай тиімді кешбэк ұсынады: Freedom экожүйесі ішінде ұшақ билетінен 14% дейін, пойыз билетінен кемі 13%, шетелге ұшатындарға тегін роуминг интернет, тәулік бойына қолдау қызметі және сақтандыру.
Кешбэк Freedom инвестициялық валютасы болып түседі. Freedom валютасы Freedom холдингі акцияларының туынды бағалы қағазы болып табылады.
Freedom Holding Corp. АҚШ-та тіркелген. Холдингтің бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Оның бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқаларын қоса алғанда 20 елде орналасқан. Бүгінгі күні холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market, KASE, сондай-ақ AIX-те саудаланады. Бақылаушы акционері кәсіпкер Тимур Турлов болып табылады.