Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл қандай заң?
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Осылайша мына заңдарға түзетулер енгізілді:
- "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске,
- "Жарнама туралы",
- Ойын бизнесі туралы",
- "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы".
Қандай өзгерістер енгізілді?
Денсаулық сақтау саласы бойынша:
- Қатерлі ісікке қарсы скринингтер енді тегін болады, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырусыз-ақ.
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға есту аппараттары тегін беріледі.
Құмар ойындарға шектеу:
- Букмекерлер жарнамасын телефон арқылы тарата алмайды.
- Онлайн платформалар арқылы бәс тігуді насихаттауға тыйым салынды.
- Сотталған және бостандығы шектелген азаматтар құмар ойындарға қатыса алмайды.