Аурухана, балабақша тозып кеткен: Ұлытау облысында 4,1 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды

Көркем Алдабергенова 22 мая 2024 11:34 2776

Ұлытау облысында мемлекеттік аудит жүргізіліп, нәтижесінде 4,1 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жалпы аудит қорытындысы бойынша 4,1 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 1,7 млрд теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 7,8 млрд теңгеге бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз пайдалану, 22,8 млрд теңгеге шығындар мен жіберіп алған пайда, сондай-ақ 12 жүйелік кемшілік пен 203 рәсімдік сипаттағы бұзушылық анықталды.

Жүйелік кемшіліктер мен шығыстарды жою үшін ҚР Жоғары аудиторлық палатасы Ұлттық экономика, Көлік және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне, Ұлытау облысының әкіміне, Жаңаарқа мен Ұлытау аудандарының, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының әкімдеріне, сондай-ақ өзге де ұйымдарға тиісті ұсынымдары мен тапсырмаларын берді.

«Аудит Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңадан құрылған облыстарда проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында жүргізілді. Бұл өңірлердің одан әрі дамуына көмек көрсету үшін қажет. Сондықтан әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар барлық орын алған кемшіліктерді жою үшін тиісті шаралар қабылдауы тиіс», – деді Әлихан Смайылов.


Рекомендовать
Последние новости